Казахстанские новостиЖергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқатын жақсарту жән (19.05.2020, 15:55), просмотров: 1378
Қазақстан тәуелсіздігінің отызыншы жылында болса да көптеген КСРО-ны көрмегендердің өзінде олардың басындағы мәселесін өздері емес, мемлекет шешу керек деген сенімділік сақталып қалған. Алайда қазіргі заманда өзін-өзі басқару жүйесі жергілікті қоғамдастықтардың жағдайын жақсартуға едәуір ықпал ететінін айтқан жөн.
«Азаматтық бастамалар» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Жергілікті қоғамдастықтардың жағдайы: шешім қабылдауға азаматтардың қатысуы» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба Қазақстанның сегіз аймағын қамтиды: Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Жоба барысында жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқатын бағалау әдістемесі сыналады. 16 бастамашыл топ құрылды (аймақ, қала, ауылдарда кем дегенде екі топтан), 8 аймақта жергілікті қоғамдастықтарды дамыту бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, кемінде 30 адамды қамтитын 16 оқыту семинары өткізілді, тәжірибе алмасу барысында бастамашыл топтар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының аймақтық желілерін біріктіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару тақырыбы әрқашан өзекті болып келді, өйткені тәуелсіздік кезеңінде біздің мемлекетіміздің экономикалық және саяси институттары, оның ішінде мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару институттары реформалардан өтті Көптеген шет елдерде бұл институттардың жетілуі бірнеше ғасырлар бойы жүргізіліп келгендігін ескерсек, бұл жас мемлекет үшін қалыпты құбылыс. Егеменді даму жылдарында еліміз құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру міндетіне қызмет ететін маңызды демократиялық өзгерістерге ұшырады. Алайда қазіргі кезде елімізде осы жолға қатысты көптеген шешімін таппаған мәселелер тұр. Олардың ішінде — жергілікті өзін-өзі басқарудың кең жүйесін орналастыру, осы жүйенің барлық құрамдас бөліктерінің сәтті жұмыс істеуі, сондай-ақ республика аумағын экономикалық, әлеуметтік, мәдени және рухани салаларда кешенді дамыту мәселелері бар. Елде болып жатқан барлық саяси және құқықтық реформалар мемлекеттің, қоғамның және сол қоғамда өмір сүріп жатқан азаматтарының үдемелі, табысты дамуының осы және басқа да міндеттерін шешуге бағытталған. Біздің де жобамыз осы бағытта. Көздеген мақсаттарға қол жеткізу барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың орталық буыны болып табылатын мәслихаттарды жергілікті өкілді органдар ретінде танып аса маңызды рөл берілді. Қазақстандағы жергілікті басқару жүйесі жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жақындастыру принципіне негізделген. Оның үстіне жергілікті өзін-өзі басқаруды халық жергілікті билік органдары арқылы жүзеге асырады. «Азаматтардың бастамасы» қоғамдық қоры жобалар жоспарын жүзеге асырады және аудан, қала, облыс маслихатының депуттаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қызығушылық танытатын МЕҰ өкілдерін жобаны өткізуге және бірлесе әрекет етуге шақырады. Жобаға қатысу үшін мына байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз: + 7 701 348 48 59 Бізге әлеуметтік желіде қосылыңыз: https://www.facebook.com/groups/blagokz #qogamgov #cisc2020 #blagokz #самоуправление #благополучие Последние новости:
|
Ещё новостиСамые читаемые:
Самые обсуждаемые:
|
| Реклама на сайте | Контакты | Наши клиенты | сейчас на сайте 296 чел. | ||||
| © 2006-2025 ТОО"Электронный город" Дизайн Алексенко А. | |||||||
Комментарии:
Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?
Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.
Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.