Городские новости

Ядролық із... (25.08.2020, 12:24), просмотров: 1296

Семей ядролық полигонының азаматтардың денсаулығы үшін салдары

2020 жылдың 29 тамызында Семей өңірінде КСРО-ның алғашқы атом бомбасы жарылғанына 71 жыл болмақ. 1990 жылы мораторий қабылданғанға дейін термоядролық және сутегі қаруының жоспарлы сынақ жарылыстары жүргізілген атом полигоны іске қосылды. Соңғы жерасты ядролық жарылысы 1995 жылы 30 мамырда Семей ядролық полигонында жүзеге асырылды.

Арада бірнеше жылдар өтсе де ядролық сынақтың салдары әлі күнге дейін полигон маңындағы тұрғындар мен олардың ұрпақтарының денсаулығына айтарлықтай әсер етуде. Аталға мәселе ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен "Азаматтардың бастамасы" Павлодарлық ҚҚ іске асыратын "Жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқаты: азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы" жобасын жүзеге асыру барысында тілге тиек етілді.

Жер шарында ірі елді мекендерге жақын жерде 50 жылға жуық уақыт бойы үздіксіз жұмыс істейтін ядролық полигон болған емес.

Ядролық сынақтардың нәтижесінде Қазақстанның Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары мен Ресейдің бірқатар өңірлері қуатты радиациялық ластануға ұшырады, бұл адамдардың бірінші, екінші, үшінші және кейінгі ұрпақтарының денсаулығына әсер етті, табиғат пен қоршаған ортаға орасан зор экологиялық залал келтірді.

Семей ядролық полигонының КСРО аумағында болған басқа ядролық полигондардан айырмашылығы қоршаған ортаға зиянды факторлар кешенінің (техногендік, радиациялық, сейсмикалық және уақытша) ұзақ уақытқа әсер етуімен байланысты болды. Және адамдар үшін жоғарыдағы зиянды факторлардан басқа психогендік және психотроптық факторлар орын алды

Семей ядролық полигонының зиянды факторлары әсер ететін аумақта тұратын халыққа қатысты адам құқықтарының өрескел, сұмдық бұзылуы орын алған.

20 ғасырдың 60-шы және 70-ші жылдары ядролық жарылыстар кезеңінде полигонда жұмыс істеген Қазақстан азаматтары өте ауыр сырқаттарға ұшыраған, әлі де сол сырқаттарымен күресуде. Осындай мысалдардың бірі ретінде 1942 жылы дүниеге келген, бүгінде Павлодарда тұратын жерлесіміз Сыздықов Қайролла Қайыргелдіұлын айтуға болады.

Ол полигонда әскерде қызмет етіп, АТТ-400 тартқышында ЯК-13 және ЯК-15 ұшақтарына қызмет етті.

35-тен 100-ге дейін және одан жоғары төтенше аймақта жұмыс істегеннен кейін ол радиацияның өте үлкен дозаларын алды.

Қ.Қ.Сыздықов әскерден демобилизациядан кейін инфаркт алған (1987) және жүрекке 6 рет ота жасатқан. Бүгінде кең жүрек аритмиясы бар. Осының барлығын ескерген дәрігерлер қайтадан ота жасаудан қорқады. Сонымен қатар, қант диабеті (қант 31-ге дейін көтеріледі), остеохондроз, остеопороз сынды аурулармен де аурады. Мұның барлығы Қайролла Қайыркенұлының полигонда қызмет еткендігі және өте зиянды радиациядан қорғалмауының салдарынан туындаған адам өміріндегі ауыр сырқаттар. Өкінішке орай, бүгінгі күні бұл құрметті азамат лайықты өмір сүріп отырған жоқ. Қажетті ем-домын да ала алмауда. Себебі ол бойын билеп алған ауруларға полигононда жұмыс істеп, соның салдарынан тап болып отырғаныны дәлелдей алмауда.

Қазақстан және Ресейде ядролық сынақ кезінде денсаулығынан айырылған мемлекет тарапынан қорғау мен емдеуді қажет ететін мыңдаған азамат бар.

 

Юрий Павленко, құқық қорғаушы.

#qogamgov #cisc2020 #blagokz #самоуправление #благополучие



Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Павлодарка оказалас...
Женщину обвиняют в мошенничестве в особо круп...
В Павлодарской обла...
На этой неделе температура воздуха в регионе ...

Ёрш
ARX security

Гермес 3, Обмен валют

Предлагает:
Гермес 3, обмен вал...
Обмен валют:* доллар,* евро,* российский рубль, *...
Золотые слитки
Мерные слитки аффиниро ванного золота – это высок...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 304 чел.
© 2006-2025 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.