Городские новостиӘл-ауқатыныз өз қолыңызда! (18.05.2020, 11:55), просмотров: 1781
«Елдің жекелеген аймақтарында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде адам құқықтарын іске асырудағы жағдайды талдау» әлеуметтік жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАК мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанның сегіз аймағының бірі — Павлодар облысында «Жергілікті бірлестіктердің әл-ауқаты: азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы» атты ерекше мемелекеттік жоба басталды. Аталмыш жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО қолдауымен «Азаматтық бастамалар» Павлодарлық қоғамдық қоры іске асырады. Ауыл мен аудандардағы хал-ахуалды жақсарту тұрғындардың белсенділігіне байланысты. Өз қажеттіліктерін нақтылай алу, құқықтарын талап ету, азаматтық қоғам және билік органдарымен қажетіне қарай сындарлы сұхбат жүргізе де олардың жағдайына әсер ететіні сөзсіз. Өзін-өзі басқаруға бағытталған шетелдік тәжірибе жүздеген жылдарды қамтиды. Шетелдік тәжірибе негізінде Қазақстан бұл межені егемендіктің 30 жылында жүріп өтті. Демократиялық мемлекет құрудың қазіргі кезеңінде елде жергілікті өзін-өзі басқараудың кең жүйесін құру мәселесі тұр. Аталмыш 9 айлық жоспар осыған бағытталған. — Жоба барысында біз жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатын бағалау әдістемесін тексеріп, 16 бастамашыл топ қүрамыз, — дейді жоба үйлестірушісі Виктор Деймунд. — Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы жергілікті бірлестіктерді дамытуға бағытталған әрекет ету жоспарын әзірлеу жұмысы тұр. Тәжірибе алмасу үшін біз бастамашыл топтар мен жергілікті басқару органдарының аймақтық желілерін біріктіруге бағытталған жұмысттарды ұйымдастырамыз, жергілікті белсенділерге арналған семинарлар өкіземіз. Жобаға шамамен 520 адам қатысады. Олар сегіз аймақтың тұрғындары, Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдері, мемелекеттік ұйымдар, сарапшылар, еріктілер. Ғаламтор мен БАҚ көмегімен 5000-нан астам адам жоба туралы білетін болады. — Бірінші кезекте, төтенше жағдайға қарамастан, біз барлық деңгейдегі маслихаттарды, үкіметтік емес ұйымдарды және Қазақстанның сегіз аймағындағы бастамашыл топтарды жоба командасына тарттық, — дейді Виктор Деймунд. — Жобаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру үшін мықты топ құрылды. Алда үлкен жұмыс кұтіп тұр. Сондықтан біз жергілікті өзін-өзі басқаруға қызығушылық танытатын барлық депутаттар мен ҮЕҰ-ны ынтымақтастыққа шақырамыз. Қазір біз жобаға шетелдік сарапшыларды тарту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жобаға қатысу үшін мына нөмірге қоңырау шалыңыз: +7 701 348 48 59 Әлеуметтік желілерге қосылыңыз: https://www.facebook.com/groups/blagokz
Последние новости:
|
Ещё новостиСамые читаемые:
Самые обсуждаемые:
|
| Реклама на сайте | Контакты | Наши клиенты | сейчас на сайте 201 чел. | ||||
| © 2006-2025 ТОО"Электронный город" Дизайн Алексенко А. | |||||||
Комментарии:
Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?
Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.
Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.