Казахстанские новости

Жалдамалы жұмысшыларға да ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҚАЖЕТ (07.11.2018, 11:25), просмотров: 2312

Жалдамалы жұмысшыларға да ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҚАЖЕТ
Жалдамалы жұмысшылардың мүддесі мен құқығын кім қорғайды? Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қандай кәсіппен айналысып жатыр? Аутсорсинг немесе аутстаффинг жүйесімен жұмыс істейтін компаниялардың қызметі қадағалана ма? Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыровтың Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында осы мәселелер күн тәртібіне қойылды.

Еңбек нарығындағы жағдайды ой елегінен өткізген халық қалаулысы 2011 жылдан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 600 мың адамға қысқарғанын, ал жалдамалы жұмысшылардың қатары 1 млн. 100 мың адамға жеткенін айтты.  

Оның сөзінше, бұл көрсеткіш күмән туғызады. Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар жаппай сапалы әрі тұрақты жұмысқа орналасып жатыр дегенге сену қиын.   

«Салалық талдау қорытындысы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санының азаюы ауыл шаруашылығы саласында ғана болғанын көрсетті. Бұл секторда еңбек етушілердің саны 2011 жылдан бері 1 млн. адамға қысқарған. Статистика білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыспен қамтылудың ең жоғары көрсеткішін алға тартады. Сонда адамдардың барлығы қай жерге жұмысқа орналас-қан? Аграрлық сектордан ұстаздық пен дәрігерлікке ауысқан ба, әлде статиска шынайы емес пе?», – деді Айқын Қоңыров.  

Қоғамда жалдамалы жұмысшы-ларға қатысты мәселе де өзекті болып тұр екен. Бұл туралы коммунист: «Елімізде жалдамалы жұмысшыларға қатысы аутсорсинг пен аутстаффинг кеңінен қолданылады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Жалдамалы жұмысшыны уақытша жұмыспен қамту немес жұмыстың белгілі бір бөлігін сырттағы мердігерге тапсыру тәжірибесі заңға қайшы әрекет емес. Осы арқылы қаражат үнемдеуге және жаңа жұмыс орнын ұсынуға болады. Алайда Қазақстанда көп жағдайда аутсорсинг пен аутстаффинг тұрақты қызметкерлердің белгілі бір бөлігін штаттан тыс ұстау үшін қолданылады»,– деді депутат.  

Айқын Қоңыровтың пікірінше, бір мекемедегі жұмысшылардың атқаратын қызметі бірдей, ал еңбек шарты әртүрлі болады. Яғни жұмысшыларға тең жағдай жасалмайды.  

«Бұл жағдайды еңбек заңнамасы реттей алмайды, себебі жалдамалы жұмысшылар жұмысқа азаматтық-құқықтық келісім бойынша орналасады. Іс жүзінде жұмыс беруші қызметті сатып алушыға айналады. Құжатқа қол қою сатып алушымен делдал арасында жүреді. Жұмысшы жұмыс берушімен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Осының салдарынан еңбек шартында қарастырылатын мәселелер мен әлеуметтік кепілдік сияқты түсініктер жойылады. Ал үнемделген қаражат басқа жұмысшылардың еңбекақысын ұлғайтуға жұмсалмайды», – деді депутат.  

«Халық коммунистері» фракциясы  жетекшісінің айтуынша, еңбек адамына деген қарым-қатынастың бұлай өзгеруі жалданбалы жұмысшыларды еңбек жағдайын жақсартудан жасанды түрде бас тартуға мәжбүрлейді.  

«Мұндайға жол бермеу керек», – деп қорытты депутаттық сауалын Айқын Қоңыров.  

 

Абылай БЕЙБАРЫС


Источник: Журнал "Коммунист Казахстана" № 43 (452) октябрь, 2018



Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

В Казахстане коллек...
В Казахстане с 1 октября 2024 года вступают в...
Военнослужащий в де...
Военнослужащий в декрете покончил с собой в А...

Iteca 2024
100 дорог

Гермес 3, Обмен валют

Предлагает:
Гермес 3, обмен вал...
Обмен валют:* доллар,* евро,* российский рубль, *...
Золотые слитки
Мерные слитки аффиниро ванного золота – это высок...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 233 чел.
© 2006-2023 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.