Новости от сайта города Павлодар

Coca-Cola футболдан әйгілі FIFA™ Әлем чемпионатының кубогын Қазақстанға әкеледі (Вчера, 20:53), просмотров: 626

2026 жылдың қаңтар айында Алматы Coca-Cola мен FIFA бірлесіп ұйымдастыратын ғаламдық тур аясында әлемнің басты футбол трофейін қабылдайды. Бұл – қазақстандықтар үшін әлемдік футбол даңқының символын өз көздерімен көріп, алдағы чемпионат атмосферасын сезінудің бірегей мүмкіндігі болмақ.


Түпнұсқа Кубоктың туры FIFA™ Әлем Чемпионатының басталуына орай өткізіліп, алты құрлықтағы 50 елді қамтиды. Coca-Cola – осы турды ұйымдастыруға айрықша құқыққа ие жалғыз FIFA серіктесі. 2026 жылы тур алтыншы рет өтеді. Әлемнің миллиондаған жанкүйері аңызға айналған трофейді өз көзімен көре алады, алайда түпнұсқа Кубокқа қол тигізу құқығы тек Әлем Чемпионатының жеңімпаздарына (ойыншылар мен жаттықтырушыларға), сондай-ақ мемлекет басшыларына ғана беріледі.  

Салмағы 6,142 кг болатын таза алтыннан жасалған түпнұсқа Кубок екі жағдайда ғана - Coca-Cola ұйымдастыратын FIFA™ Әлем Чемпионаты Кубогының Туры кезінде және Чемпионат барысында - Цюрихтегі FIFA мұражайынан шығарылады. 


26 қаңтарда Кубок Алматыдағы Республика Сарайында бірнеше сағат бойы көпшілікке ұсынылып, одан кейін халықаралық сапарын жалғастырады.  

«Coca-Cola ұсынған футболдан FIFA™ Әлем чемпионаты Кубогының Туры – жанкүйерлерге ұлы футбол мерекесінің бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін ерекше шара. Қазақстанның осындай аңызға айналған сапардың бір бөлігі болатынына қуаныштымыз», — деп атап өтті Coca-Cola өкілдері. 

Тур Қазақстанда Алматы қаласы әкімдігінің және ҚР Футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады. 

***

Coca-Cola — алкогольсіз сусындардың әлемдік жетекші өндірушісі, 1976 жылдан бері FIFA серіктесі және футболдан FIFA™ Әлем Чемпионаты Кубогы Турының ресми ұйымдастырушы компаниясы.




Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Узбекский Octobank ...
Узбекский банк Octobank запустил первую в сво...
Mellow открывает но...
Сегодня мир труда активно меняется, и традици...

Ёрш
ARX security

"Мир связи" Компания

Предлагает:
Ремонт и настройка ...
Специалисты фирмы осуществляют ремонт и настройку ...
Монтаж радиооборудо...
Специалисты компании «Мир связи» осуществляют свои...
Портативная р/с Aje... Портативная р/с Aje...
* Диапазон частот: 400-469.995 МГц; * каналов: ...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 308 чел.
© 2006-2025 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.