Новости от сайта города Павлодар

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері (17.05.2024, 19:44), просмотров: 424

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері
2024 жылдың наурыз айынан бастап «САМАЛ» оңалту орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша «Менің ауылым- туған ауылым/ «Село мое- село родное» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

         Әлеуметтік жобаның мақсаты: азаматтарды, соның ішінде мүгедектерді, үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдарды және жергілікті қоғамдастық жиналыстарын ауылдық жерлерде, қаланың ауылдық аймағында жергілікті өзін-өзі басқаруды, азаматтық бастамаларды дамытуға тарту және ынталандыру. Бұл жағдайда Ақсу қаласына қарасты: Алғабас ауылы, Қалқаман,ауылы,  Достық ауылы, Қызылжар ауылы және/немесе т.б.

      Әлеуметтік жобаның нысаналы тобы – ҮЕҰ және/немесе бастамашыл топтың мүшесі болып табылмайтын, Ақсу қаласының ауылдық аймағында бір немесе бірнеше ауылдық елді мекендерді дамытуға қатысуға ниет білдірген жергілікті қоғамдастықтың еңбекке қабілетті жастағы халқы. Қазіргі уақытта түрлі жергілікті мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен бірлескен серіктестік туралы меморандумдар/келісімдерге қол қойылды, сондай-ақ әлеуметтік жобаның іс-шараларына қатысу үшін тәжірибелі мамандар мен сарапшылар, сондай-ақ еріктілер мен басқа да мүдделі тұлғалар шақырылды.


      Мысалы, келесі серіктестермен келісімдер/меморандумдар жасалды: «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақсу қаласы әкімінің аппараттары. Ауылдық округтер, «Болашақ ұрпақ» ҚҚ, «Жас гвардия» қоғамдық жастар қоры, «Павлодар облысының балалар және пионер ұйымдарының одағы» ҚҚ, «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысы» ҚБ, «Чернобыль» ҚБ Одағы» және т.б.

         Әртүрлі іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру басталды, мысалы: жергілікті өзін-өзі басқарудың Құрылтайы, халықтың қатысуы және өзара іс-қимылы/мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталымен және/немесе басқалары үшін бюджетті қалыптастыру процесіне азаматтардың қатысуы мәселелері бойынша тренингтер.

Әлеуметтік жоба аясында жоспарланған іс-шаралар Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында айқындалған мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпалын тигізеді, ауыл тұрғындарын олардың тұрғылықты жеріне тән проблемалар және/немесе т.б. жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп шешуге ынталандырады. Әлеуметтік жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында  жүзеге асырылуда: @cisc_official/@madeniet_aqparat_ministrligi

Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз!

Әлеуметтік жобаға қатысу үшін «Менің ауылым-туған ауылым/ Село мое- село родное»» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Махметова Мадина Серікқызына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 701 398 3018

Instagram, YouTube сайттарына қосылыңыз.

Арна:https://www.instagram.com/samal_proekt/

YouTube:https://www.youtube.com/channel/UCW3PgNl9lUJY92mNppdE5XA


Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Штангенциркуль: ист...
Профессиональный штангенциркуль — один из ...
Топ-5 самых ярких м...
Молдавский футбол нечасто оказывается в це...

Ёрш
100 дорог

"Капиталист" Обмен валют на Лермонтова

Предлагает:
Обмен валюты на ул....
* Доллар,* Евро,* Российский рубль,* Китайский ю...
Продажа золотые сли...
Золотые слитки Национального Банка РК изготовлены ...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 252 чел.
© 2006-2025 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.