Городские новости

Ауыл Аманаты (22.03.2024, 20:45), просмотров: 670

Павлодар облысының балалар мен жасөс пірімдерұйым дарының қауым дастығы 2024 жылдың наурыз айынанбастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министр лігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша «Ауыл Аманаты/Ауылдың гүлденуі» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда

       Әлеуметтік жобаның мақсаты: ауылдық жерлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды және азаматтық бастамаларды дамытуға азаматтарды, соның ішінде жастарды, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті қоғамдастық жиналыстарын тарту және ынталандыру.




Оны Павлодар қаласының ауылдық аймағында, атап айтқанда:Кенжекөл, Павлодарское, Мойылды,  Атамекен, Жетекші ауылдарындажүзеге асыру жоспарланған және/немесе т.б.

Әлеуметтік жобаның нысаналы тобы – Павлодар қаласының ауылдық аймағындағы ҮЕҰ және/немесе бастамашыл топтың мүшесі болып табылмайтын, бір немесе бірнеше ауылдық елді мекендерді дамытуға қатысуға ниет білдірген жергілікті қоғамдастықтың еңбекке қабілетті жастағы халқы болып табылады.

 Әлеуметтік жобаны іске асыру барысында Жергілікті өзін-өзі басқару орталығының қызметі ұйымдастырылады, оның аясында:

- Павлодар қаласының ауылдық аймағында орналасқан бір немесе бірнеше ауылдық елді мекендерді басқаруға және дамытуға ҮЕҰ және/немесе бастамашыл топ мүшелері болып табылмайтын еңбекке қабілетті жастағы жергілікті қоғамдастық азаматтарын тарту деңгейін кемінде 10%-ға арттыру;

- еңбекке қабілетті жастағы жергілікті қоғамдастық азаматтарын, оның ішінде ҮЕҰ мен бастамашыл топ мүшелері болып табылмайтын жастарды тиісті аумақты, яғни Павлодар қаласының ауылдық аймағын басқару мен дамытуға тарту деңгейін анықтау;

- әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын аумақты, яғни Павлодар қаласының ауылдық аймағын басқаруға және дамытуға қатысу мәселелері бойынша азаматтардың хабардар болуын арттыру;

- жергілікті қоғамдастықты белсенді тарта отырып, әлеуметтік жоба аумағында, яғни Павлодар қаласының ауылдық аймағында, оның ішінде жастардың мүдделерін қозғайтын нақты мәселелерді анықтау және шешу;    

- жергiлiктi қоғамдастықтың әр түрлi мәселелерiн шешу үшiн, оның iшiнде әлеуметтiк жоба аумағында, яғни Павлодар қаласының ауылдық аймағында, оның iшiнде жастардың қатысуымен тұрақты бастамашылық топтар және/немесе ҮЕҰ құру;

- жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуының оң жағдайларын (табыс оқиғаларын) дамыту және т.б.

      Қазіргі уақытта түрлі жергілікті мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен бірлескен серіктестік туралы меморандумдар/келісімдерге қол қойылды, сондай-ақ әлеуметтік жобаның іс-шараларына қатысу үшін тәжірибелі мамандар мен сарапшылар, сондай-ақ еріктілер мен басқа да мүдделі тұлғалар шақырылды.

Әлеуметтік жоба аясында жоспарланған іс-шаралар Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында айқындалған мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді, ауыл тұрғындарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп,олардың тұрғылықты жеріне тән мәселелерін шешуге ынталандырады және/немесе т.б.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының @cisc_official мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.

>br>

@madeniet_aqparat_ministrligi

Барлық қызығушылық танытқандарды тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз!

Біздің байланыс ақпаратымыз: Павлодар қаласы, Дусенов көшесі, 106, 202 кабинет, әлеуметтік жоба жетекшісінің ұялы телефоны: М. С. Махметова: 87013983018



Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Весной в Павлодарск...
Индивидуальных предпринимателей призывают уск...
За убийство отца па...
Житель Павлодара приговорён к четырём годам л...

Ёрш

УМЕЛЕЦ, строительный магазин

Предлагает:
Запчасти для ремонт...
* электроплит* стиральных машин* микровол новок* ...
Замки
* накладные * врезные* межкомна тные* гаражные* н...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 411 чел.
© 2006-2025 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.